31.05.2022, 19:03
Оқылды: 59

Қаратөбе ауданында қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Бүгін «Қаратөбе сиезі» өткен тарихи орында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған тағылымды іс -шара ұйымдастырылды. Алаш қайраткерлерін еске алу шарасына аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов және бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. 

Қуғын сүргін 2

Тағылымды шарада Алаш қайраткерлерінің рухына Құран бағышталып, дұға жасалды. Тарихи маңызы зор шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы және бірқатар мекеме басшылары Алаш қайраткерлерінің құрметіне қойылған ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.

Тар жол, тайғақ кешуде өз өмірлерін құрбандыққа шалған Алаш қайраткерлерінің есімдері ұмытылмақ емес. Тағылымды шара кейінгі ұрпаққа Алаш арыстарының қиындыққа толы өмірлері мен жанкештілігін насихаттау мақсатында «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз» тақырыбындағы театрландырылған көрінісімен жалғасын тапты.

Қуғын сүргін 8

Аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері азаттық жолында күрескен Алаш қайраткерлері хақында баяндалған тарихи кітаптар мен естелікке толы жазбалардан құралған кітап көрмесін таныстырды.

Әмірбек Әлібекұлы,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале