1.06.2021, 17:11
Оқылды: 135

Қаратөбе ауданында мектеп түлектері қайырымдылық жасады

Қаратөбе ауданына қарасты Егіндікөл ауылының 2001 жылғы түлектері мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай ауылдағы қамкөңіл жанға қайырымдылық көрсетуге ұйғарым жасады.

т2

Сөйтіп, өзара келіскен олар ауыл тұрғыны Жансая Өтегенқызының үйіне табиғи газ кіргізіп беруді қолға алды.

Биылғы жаз айында мектеп түлектері бірлік танытып, 800 мың теңге қаражат жинап, Жансая Өтегенқызының пәтеріне көгілдір отын қосып, ішкі жұмысын түгелдей жасап берді.

т3

Сондай-ақ түлектер қазақ күресінен ұстаздары Құттықбай Ержанұлы атындағы және волейболдан Бақыт Серғазиев атындағы еске алу турнирін өткізді.

Шара соңында мектеп түлектері ұстаздар рухына арнап ас берді.

- Түлектер болып туған жерге жақсылық жасайық деп шештік. 1 400 000 қаражат жиналып, 800 000 мың теңгесіне газ кіргізсек, қалғаны спорттық шараларда жүлдеге берілді. Айта кету керек, еске алу турнирі жыл сайын өткізілетін болады, - дейді 2001 жылғы мектеп түлектері.

 т1

Үміт Шурина,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале