27.08.2021, 22:10
Оқылды: 58

Қаратөбе ауданында мерекелік салтанатты шара өтті

Бүгін Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 жылдығына орай мерекелік салтанатты шара өтті.

сссс

Мемлекеттік маңызды шарада аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев еліміздің басты құжаты Ата Заңымыздың қабылданғанына 26 жыл толуына орай жиынға қтысушыларды мерекелерімен құттықтады.

Аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев аудан экономикасының дамуына зор үлес қосқан Қаратөбе ауданы прокуратурасының прокуроры Ерік Нұрмағанбетовты, Қаратөбе аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Серікжан Жаролланы, Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нариман Кенжеғалиевты, Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Төлеген Наурзалинды алғыс хатпен марапаттады.

Әрбір мемлекеттің, ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын өз конституциялық саясаты болады. Біздің еліміздің де конституциялық саясатының негіздері 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда айқындалды. Осы жылдар аралығында елдің басты құжаты Конституциямыздың аясында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Халықтың игілігі үшін ауданымызда да біраз іргелі істер тындырылды.

Өз Отанын сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы. Ендеше, біз ата аманатына адалдық танытып, Ата Заңның негізінде елдік парызымызды ақтауға тиіспіз. Осылайша, қазақтың қасиетін арттыруда басты құжаттың маңызы зор екенін ұмытпауға тиіспіз.

Биыл ауданымызда көптеген игі істер жүзеге аспақ. Атап айтатын болсақ, аудан орталығы Қаратөбе ауылындағы 11 көшеге қатқыл табанды жолдар салынуда. 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолы фонарьларымен, спорт клуб ғимараты, аудандық кітапхана ғимараттары күрделі жөндеулерден өтуде. Ал Жусандыой ауылдық округінде «Ақбұлақ» бағдарламасымен су құбырының құрылысы аяқталды. Үш 4 пәтерлі үйлердің құрылысы басталды, басқа да көптеген жобалар жасалуда, - деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

сс

Мерекелік шарада мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Бағдат Зайнуллин, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Лиза Қадырғалиева, Аққозы ауылдық округі әкімінің жетекші маманы Айкөркем Уразаева қызметтерін адал атқаруға ант берді.

Конституция күніне арналған салтанатты шара аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарының мерекелік бағдарламасына ұласты.

 

Серікбай Хасанов,

                                                                         Қаратөбе ауданы  

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале