5.11.2021, 18:16
Оқылды: 82

Қаратөбе ауданының әкімі мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихат залыңда аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті.

DCE50BF9-DE49-4D58-AB81-F0A4F79F7A30

Кездесуде мәдениет, кітапхана саласында атқарылған және жоспарлы жұмыстар турасында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев баяндама жасады.

Барша мәдениет саласы қызметкерлері алдағы уақытта шығармашылықпен жұмыс жасап, халыққа ұсынылатын мәдени шараларды ұйымдастыруға үлкен жауапкершілікпен қарау керек екендігін ескертемін.

Бүгін аудан басшысының қатысуымен ауданымыздың мәдениет саласында атқарылған жұмыстар бойынша пікір алмасуымыз сала мәселесін шешуге және одан әрі жұмыстарымыздың өрге басуына мол әсерін тигізеді деген сенімдемін, - деген Ғалымгерей Қажыгерейұлы ауданда өткен шаралар мен жұмыстарды, жетістіктерді атап өтті.

2DB75AF2-5099-4D0A-8AEE-54F860AFC332

Басқосуда мәдениет саласындағы түйткілді мәселелерге де тоқталған сала басшысы мәдени ошақтарда үйірмелердің жұмыстарын жандандыру, жас таланттарды үлкен сахнаға шығару, ауылдық аймақтағы мәдениет үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, кітапханалардың жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізіп, мәдениет қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру сынды бірқатар мәселелерді тілге тиек етті.

Жиын соңында сала қызметкерлерінің ұсыныстары мен пікірлері ортаға салынды. Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы айтылған ұсыныстарды талқылай отырып, алдағы уақытта жөндеуді қажет ететін ауылдық мәдениет үйлеріне қаражат бөлінетіндігін, сонымен қоса өнер сапарларына шығатын көліктің бөлінуін және қажетті техникалық аппараттардың жетіспеушілігін шешу жолдарын  қарастыратынын жеткізді.

Халила Моржанова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале