2.11.2021, 17:21
Оқылды: 247

«Қаратөбе өңірі» газетінде – жаңа редактор

Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе аудандық филиалы – «Қаратөбе өңірі» газетінің жаңа директор-редакторы болып тағайындалған Серікбай Хасановты ұжымға таныстырды.

 Редакция (1)

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің келісімімен «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Табылғали Сапаровтың 2021 жылғы 1 қарашадағы №130 ж/қ бұйырығымен 1 қарашадан бастап «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе аудандық филиалы – «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы лауазымына тағайындалған Хасанов Серікбай Жәлелұлы 1986 жылы 26 наурызда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.  2003-2006 жылдары Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжін, 2006-2009 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

С.Хасанов алғашқы еңбек жолын 2008-2010 жылдары Алакөл негізгі орта жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. 2011 жылдың маусым айынан «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе аудандық филиалы – «Қаратөбе өңірі» газетінің редакциясында фото-тілші, тілші, жауапты хатшы, бас редактор қызметтерінде болды. Жанұялы.

2 ұлы бар.

Халықты жедел ақпаратпен сусындатып, мемлекеттік ақпараттық саясатты толыққанды жүзеге асыруда елеулі еңбек етіп келе жатқан «Қаратөбе өңірі» газеті редакциясының ұжымына билiк пен халық арасындағы байланысты қамтамасыз етiп, жағымды жаңалықтардың жаршысы болуға тілектестіктерін жеткізген аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы жаңа редактордың жұмысына сәттілік тілеп, аудан айнасы төл басылымға әркез қолдау көрсететінін айтты.

 

                                                                              Ерболат Мырзағұлұлы,

                                                                                    Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале