1.06.2023, 12:31
Оқылды: 251

«Қаратөбе өңірі» газетіне жаңа редактор тағайындалды

«Жайық пресс» ЖШС директоры Табылғали Сапаровтың 2023 жылғы 31 мамырдағы №48 бұйрығымен «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы болып Бекжан Тұрсынғалиұлы Қойшекенов тағайындалды.

350679037_204493572452774_1996952424916133342_n

 

«Қаратөбе өңірі» газетінің жаңа редакторын аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ұжымға таныстырды.

Жаңадан тағайындалған директор-редакторға  аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ауданымыздың ақпарат саласының дамуына бар күш-жігерін салуына тілек білдірді.

Қойшекенов Бекжан Тұрсынғалиұлы 1977 жылдың 10 тамызында Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

1997-2001 жылдары Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде тәлім алып, «Құқық және экономика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Б.Қойшекенов алғашқы еңбек жолын 2001-2002 жылдары Б.Аманшин атындағы орта мектебінде құқық және экономика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2002-2006 жылдары Қаракөл орта мектебінде құқық және экономика пәнінің мұғалімі, 2006-2007 жылдары Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінде қамқоршылық және қорғаншылық жұмысы жөніндегі әдіскер қызметінде, 2007-2010 жылдары Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің бас маманы, 2010-2019 жылдары Б.Қаратаев атындағы Саралжын жалпы орта білім беретін мектебінің директоры және құқық және экономика пәнінің мұғалімі, 2019-2022 жылдары Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектебінің директоры және құқық және экономика пәнінің мұғалімі қызметінде болды.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметін атқарып келді.

Отбасылы 3 қыз, 1 ұлы бар.

 

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале