16.09.2022, 11:15
Оқылды: 773

Қаратөбе өңірінде - қадірлі меймандар

Бүгін таңмен ерте Қайыржан Хасановтың 80 жылдығына арналған “Қажырлы қадам, қадірлі қалам -тау тұлға” тақырыбындағы еске алу шарасына арнайы шақырылған меймандар мен жерлестер өлкетанушының кіндік қаны тамған қасиетті Қаратөбе өңіріне келіп жетті.

3

Қадірлі меймандарды Қаратөбе ауданының шекарасынан аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев бастаған топ құрметпен қарсы алып, қазақы салтпен ақ дәм ұсынып, әннен шашу шашылды.

2
Алдымен Алаш және Қ.Хасанов тарихи-өлкетану музейінде бірқатар шаралар оздырылып, аудандық мәдениет үйінде өтетін  “Қажырлы қадам, қадірлі қалам -тау тұлға” атты еске кешіне ұласпақ.
Айта кетейік, еске алу кеші ертең облыс орталығындағы «АТАМЕКЕН» өнер ордасында өтетін «Жырлайды Жайық» атты республикалық ақындар айтысымен жалғаспақ.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале