7.03.2024, 22:00
Оқылды: 7

Қаратөбеде ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді

Бүгін Қаратөба аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мәжіліс залында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев ауданда елеулі еңбектерімен сыйлы бір топ әйел-аналарды қабылдады.

Мерекелік қабылдау

Қабылдау барысында аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы дөңгелек үстел басында бас қосып отырған әйел- аналарды көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен құттықтады.

– 8 наурыз ерекше күн. Аналарымыздың, апа-қарындастырымыздың төл мерекесі. Дүниеде ананың алар орыны айырықша. Жаңа ғана әйелдер арасындағы мекемеаралық жарыс басталды. Отбасындағы күйбең тірлік, қызмет, бала тәрбиесі осының бәріне үлгеріп мерекелік жарысқа қатысып, өнерлерін ортаға салып жатырған бір-бір маман иесі нәзік жандыларға ризашылығымыз зор.

«Ана бір қолымен бесікті тербесе, екінші қолымен әлемді тербейді» деген нақыл сөз асыл- аналарымызға арналған.

Құрметті апалар, қарындастар кездесуге келген баршаңыз да ауданның өсіп-өркендеуіне өз үлестеріңізді қостыңыздар. Көптеген жылдар бір салада үзіліссіз атқарған қызметтеріңіз, тер төккен еңбектеріңізге ризашылығымыз зор, -деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

Аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Меңдешов мерекелік шараға қатысушы әйел - аналарды мерекелерімен құттықтап, отбасыларына амандық, шат көңіл тіледі.

Мерекелік қабылдау 4

Қабылдау барысында сөз алған Қоскөл орта мектебінде 3 жыл кітапханашы болып жұмыс жасап, кейіннен Саралжын ауылына келіп мектепте 24 жыл кітапханашы болып жұмыс жасаған зейнеткер Кенжетай Ақымова, аудандық статистика бөлімінде ұзақ жылдар басшылық қызметті абыроймен атқарған Бәтила Айымбетова, аққозылық кәсіпкер Жұмагүл Ишпанова, төлен ауылынан келген кәсіпкер Айша Дұзбатырова, Шалғын бастауыш мектебінде елеулі қызмет атқарған ардагер ұстаз, «Алтын алқа» иегері Ағила Нұрсұлтан өз пікірлерін ортаға салып, өздерін құрметтеп, мерекелік іс-шараға шақырып сый-сияпат көрсеткен аудан басшысына өз ризашылықтарын білдірді.

Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы мерекелік іс-шараға қатысушы нәзікжандыларға ауданда атқарылып жатырған жұмыстар мен қатар алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлы жұмыстар туралы айтып берді.

                                                                           Ерболат Райсов, 

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале