3.04.2020, 10:51
Оқылды: 123

Қаратөбеде аудандық басылым бастама көтерді

 Аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің бастамасымен әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы 10 отбасыға азық-түлік, киім-кешек және қашықтан оқитын оқушыларға оқу құралдары үлестірілді.

 B2D5352B-A336-4F3B-81C9-1A6C64A02FC4

Осылайша аудандық басылым  "Шуақты Орал еріктілері" облыс волонтерлерымен бірлесіп, ауданымыздағы 10 отбасыға көмектесті. Игі істі ұйымдастырушылар азық-түлік таратумен шектеліп қалмай, қажетті жағдайда қарияларды дәрі-дәрмекпен, тұрмыста қажетті құралдармен қамтамасыз етуге дайын.

Әлемдік пандемия кезінде жанашырлық таныту еріктілердің Волонтерлар жылы аясында атқаруға тиісті істерінің бірі болуы керек.

Журналистер де ел үшін деген еріктілермен бірге қолұшын созуға әзір. #Birge болсақ, барлық қиындықтарға төтеп береміз.

 Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале