8.07.2022, 13:00
Оқылды: 24

Қаратөбеде аяқдопшылар жарысты

Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Елорда  күні мерекесіне орай шағын футболдан аудандық жарыс өтті.

футбол

Шараның ашылуында сөз сөйлеген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев айтулы мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға  сәттілік тіледі.

Жарысқа Сулыкөл, Егіндікөл, Жусандыой, Қоскөл, Қаракөл, Аққозы, Саралжын, Қаратөбе ауылдық округтерінен 11 команда қатысып, футбол көрігін қыздырды.

 Жарыс қорытындысында І орынды «Қаратөбе» командасы, ІІ орынды «Қаракөл» командасы, ал ІІІ орынды  Шөптікөл командасы жеңіп алды.

Футбол барысында жекелей аталым бойынша Мейрамбек Боранов (Шөптікөл командасы) «Үздік қақпашы» атанса, Қайсар Ғабдоллаев (Қаракөл ауылы)  «Үздік қорғаушы»  болды. Ал қаратөбелік Дамир Әсетов «Үздік шабуылшы» аталымын иеленді.

Жеңімпаз командалар және аталымға ие болған спортшылар «Қаратөбе» спорт клубының арнайы дипломы және медаль,  қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале