15.05.2020, 10:21
Оқылды: 129

Қаратөбеде білім ұяларын жөндеу жұмыстары басталды

   Қаратөбе ауданындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы мен Шөптікөл ЖОББМ-нің жертөлесіне жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

B2C2A8F1-285B-49EB-B2B6-9E4E9BC58855

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты конкурсты 6 мердігердің арасынан «Қаз ОКК» ЖШС ұтып алды. Қос мектептің де құрылыс мерзімі бес айға созылады.

Қаратөбе мектеп-гимназиясын жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджеттен 48 млн. 175 мың теңге бөлінген. Техникалық ерекшелікке жергілікті тұрғындардан 6 жұмысшы жұмысқа тартылады.

Шөптікөл ЖОББМ ғимаратының жертөлесіне күрделі жөндеу жүргізу үшін бюджеттен 34 млн. 705 мың теңге бөлініп,  4 жергілікті тұрғын жұмысқа алынады.

Сондай-ақ Сулыкөл ауылдық округіндегі Қалдығайты орта мектебі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды. 4AFC3A0C-0341-4325-8A1E-72F5F9423B6E

Аудандық білім беру бөлімінің мәліметі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «Жиенбай» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жүріп жатқан нысанға республикалық бюджеттен 328 млн. 381 мың теңге бөлінген.

D6953635-FB0B-46AF-BA85-9FB16C371372

Мердігер компания арадағы келісімшарт негізінде жергілікті тұрғындардан тартылуға тиісті 41 жұмысшыдан 25 адамды жұмысқа алып демонтаж жұмыстарын жүргізуде.

Жөндеу жұмыстарының техникалық қадағалаушысы болып «Күмбез» ЖШС белгіленген.

7C5C0B4A-2635-44A3-8CD9-AFB8137918F0

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан нысанның құрылыс жұмысы 4 ай жарым уақытта аяқталмақ.

 Тұрсынай Нағымова

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале