7.11.2024, 17:45
Оқылды: 110

Қаратөбеде бөгет жасалып, жағалау бекітіліп жатыр

Ауылдар мен елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғауға дайындық жұмысы Қаратөбе ауданында қызу жүріп жатыр. Ауылдың іргесінен ағып өтетін Қалдығайты өзені биылғы көктемгі су тасқыны кезінде аудан орталығына үлкен қауіп төндірді.

IMG_8675

Су тасқынының алдын алуға дайындық шаралары бір ай бұрын қолға алынып, өзен арнасын бұру, жағалауды бекіту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Аталған жұмысқа жауапты мекемелердің ұйымдастыруымен аудан басындағы барлық мекемелердің қызметкерлері мен арайы техникалар жұмылдырылды.

IMG_8674

Су тасқынының алдын алуға дайындық жұмысы турасында Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ермек Сайнов:

– Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізудеміз. Қаратөбе ауылының маңынан су кіру қаупі бар деген төрт жерде жұмыстар атқарылуда. Ауыл іргесіне жақындап қалған Қалдығайты өзенінің арнасын ескі арнасына қарай бұру жұмыстары жүргізілді. Шаруашылық әдіспен өзен арнасына 200 метр дамба салу жұмыстары аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесі мен жергілікті демеушілердің техникалары арқылы атқарылды. Алаш музейінің тұсында да 150 метрдей бөгет жасалып жатыр. Дамба салуға 7 – камаз, 2 – погрузчик, 1 – МТЗ тракторы, 1 – «ДТ75», 1 – «С-100» көліктері тартылып, жұмыс атқаруда, - дейді.

IMG_8666

Ауыл шетіндегі Қалдығайты өзенінің жағалауын бекітуге мекемелерден 200-ге жуық қызметкер шығып қапшықпен құм төсеу жұмыстарын жүргізуде.

IMG_8665

Жұмыс жасап жатқан азаматтарға «Мұхит жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ерікті жастары ыстық шай мен бәліш үлестірді.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале