25.10.2019, 10:32
Оқылды: 169

Қаратөбеде дәстүрлі әнші шеберлік сағатын өткізді

Қаратөбе аудандағы балалар саз мектебінде «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Сағадат Рахметжанов осы мектептің шәкірттеріне шеберлік сағатын өткізді.

qaratobe (1)

Шеберлік сағат барысында Ғарифолланың төл шәкірті Сағадат Рахметжанов халқымыздың ұлттық аспабы домбыраның, күйдің қасиеті туралы айта кете, атақты күйшілер туралы баяндап берді.

qaratobe (3)

Дәстүрлі әншінің алдында домбырамен «Нұржамал» әнін шырқап берген саз мектебінің жас шәкірті Арман Лұқпан зор қошеметке бөленді. Әннің өте жоғары деңгейде орындалғанын айтқан Сағадат Рахметжанов Арманның дауысының зор екендігіне тәнті болып, болашағынан үміт күтетінін жеткізді.

Сонымен қатар әншімен бірге келген республикалық конкурстардың лауреаты, талантты әнші Берік Шаймарданов Н.Тілендиевтің «Баламишка», Құрманғазының «Сарыарқа», «Серпер» күйлерін орындап берді.

qaratobe (5)

 Шара соңында саз мектебінің директоры Аягүл Меллатқызы мен қобыз сыныбының оқытушысы Баян Аққайырқызы келген қонақтарға алғыс айтып, кәде сый тарту етті.

Гаухар Феликс

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале