15.02.2024, 12:30
Оқылды: 18

Қаратөбеде ерлер арасында волейболдан жарыс өтті

Қаратөбе ауданында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ерлер арасында волейболдан мекемеаралық жарыс өтті.

волейбол

Оған Ауған соғысының ардагерлері Ерболат Иманғалиев пен Нұрбек Құлымбаев және олардың қаруласы болған марқұм Аманжол Сарсенғожиннің жолдасы Қалампыр Сарсенғожина қатысты.

Жарыста 10 команда, 70-ке жуық спортшы бақ сынады.

«Қаратөбе» спорт клубы, «Қ.Жұмалиев» атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы, аудан әкімдігінің және Мұхит ЖОББМ командалары үздік ойын өрнегін көрсетті.

волейбол 5

Үшінші орынға таласқан аудан әкімдігі және Мұхит ЖОББМ командаларының ойыны тартымды өтті. Бір-бірімен иық тіресе жеңіске ұмтылған екі команда ұпай санын теңестіре түскенімен басым түскен аудан әкімдігінің командасы жеңіске жетіп, үшінші орынға табан тіреді.

Озық шыққан «Қаратөбе» спорт клубы және «Қ.Жұмалиев» атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының командалары I және II орындарды жеңіп алды.

Волейбол 11

Аудан әкімдігі командасынан Ермек Сайнов «Үздік ойыншы», «Қ.Жұмалиев» атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясынан  Жасұлан Батырбаев «Үздік шабуылшы», «Қаратөбе» спорт клубынан Нұрбол Кеңесов «Үздік байланыстырушы», Мұхит атындағы ЖОББМ командасынан Ғабдрахман Дияс «Үздік қорғаушы», Нұрбек Сайнов  «Жеңіске деген жігері үшін» аталымдарын иеленді.

Ерболат Мырзағұлұлы

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале