9.06.2020, 12:18
Оқылды: 88

Қаратөбеде індет жұқтырған жеті науқас тіркелді

Қазіргі таңда облысымызда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 800 адамнан асып кетті. Қаратөбе ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Аманша Төлеуовтың мәлімдеуінше, саралжындық 7 тұрғыннан COVID-19 анықталып отыр.

Covid

3 маусым күні аудандық ауруханаға қаралған әйел адамнан алынған сынама қорытындысы бойынша коронавирус жұқтырғандығы белгілі болған. Ауруға шалдыққан азаматша облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Күні бүгін сол азаматшамен қарым-қатынаста болған 6 адамнан індет анықталып отыр. Олардың барлығы үй карантиніне алынды.

Қаратөбе аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 7 маусымдағы №1 ПГВр қаулысымен 8 маусым сағат 00.00-ден бастап ауру ошақтарының таралуына жол бермеу мақсатында Қарақамыс елді мекеніне күшейтілген карантин режимі енгізілді.

Енгізілген карантин режиміне сәйкес елді мекен аумағына кіруді және шығуды қадағалайтын блокбекет қойылды.

 Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале