19.11.2019, 17:17
Оқылды: 82

Қаратөбеде іскер әйелдер бас қосты

Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылындағы мәдениет үйінде «Әйел – ана, әйел – тұлға, әйел – іскер» атты аудандық семинар өтті.

qaratobe qoskol (2)

Aлдымен жиналғандар мәдениет үйінің фойесінде ауылдық округтегі ісмер әйелдердің қолынан шыққан бұйымдарды және тәтті тағамдарды тамашалады. Семинарда ауылдық округ әкімі Қанат Мұқанов мемлекеттен грант алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған жерлестерінің қатары жыл санап өсіп келе жатқандығын сүйсіне әңгімеледі.

qaratobe qoskol (1)

Қоскөл ауылдық округі әйелдер қоғамының төрайымы Анаргүл Орынбайқызының «Ауыл әйелдерінің қоғамдағы рөлі» атты баяндамасы да маңыздылығымен ерекшеленді.

Жиын соңында ауылдық округ әкімі Қанат Мұқанов бір топ әйелге алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале