5.04.2019, 10:44
Оқылды: 34

Қаратөбеде «KASIP FEST» мамандықтар форумы өтті

Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, дұрыс мамандықты таңдауға жол көрсету мақсатындағы TEDx форматындағы «KASIP FEST» мамандықтар форумы өтті.

qaratobe (3)                                                    

Шараға БҚИТУ, КазИИТУ, БҚИТУ, Ж.Досмұхамедов атындағы ОПК, Қаратөбе колледжінің өкілдері қатысып, түлектерге өз оқу орындарының бағыт бағдарын түсіндірді. Форумда аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшаұлы мамандық таңдаудың маңыздылығына тоқталды.

Қатысушылар оқу орындары туралы мәлемет бере отырып, ҚазИИТУ студенттері жасаған ерекше көзілдіріктер, галстуктер, күннен қуат алатын аспалы сөмкелер, дене қызуын өлшеуіш құралдарымен таң қалдырса, БҚИТУ-дың ұстаздары оқу орындарының мамандықтары және ондағы білім гранттары, қосымша мамандықтар туралы айтты. Оқу ақысын төлеу барысында көп балалы отбасының мүшелеріне және мүмкіндігі шектеулі жандарға 50 пайыз және басқа да жеңілдіктер қарастырылып жатқанын, жатақхана мәселелерін, сонымен қатар ҰБТ балын аз жинап қалған жағдайда көрсетілетін көмекті айтып берді. Сонымен қатар АҚШ, Британ елшіліктерімен жұмыс жасайтынын айтып, түлектердің қызығушылығын оятты. Әрбір оқу орны өз жетістіктерін студентерінің жемісі мен оқытушыларының ғылыми еңбектері арқылы таныстырды.

Форумға қатысушы Қаратөбе колледжінің ұстаздары болса кәсіптік бағыттағы мамандардың бүгінде аз екенін, колледжде жастардың өз кәсібін ашуға қолайлы мамандықтар жөнінде ой қозғап, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

qaratobe (1) qaratobe (2)

Раушан Мергенова,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале