21.01.2024, 17:31
Оқылды: 22

Қаратөбеде қол күресінен іріктеу чемпионаты өтті

Кеше Қаратөбе аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешенінде қол күресінен 2006-2008, 2009-2011 және 2012 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудандық іріктеу чемпионаты өтті.

IMG_2072

Алдымен қол күресінен 5 дүркін Әлем және 5 рет Азия чемпионы атанған Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы Ержан Ерболат, ерлер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР спорт шеберлігіне үміткер Жандарбек Ниязов, Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушысы, қола жүлдегері Бағлан Мерболатұлы, қол күресінен облыстық жарыстардың жеңімпазы, ҚР спорт шеберлігіне үміткер Ерқанат Мұхамедияр, облыстық жарыстардың жеңімпазы Мейрамбек Боранов, ҚР спорт шеберлігіне үміткер Алтынбек Сабыржан зал төріне шақырылды. Содан соң аудан мектептерінен келген 10 команданың жас спортшылары сап түзеді.

IMG_2094 (1)

Чемпионаттың ашылу салтанатын Қаратөбе аудандық балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дулат Қоламанов алғы сөзімен ашып, спортшы жас өрендерге сәттілік тіледі.

IMG_2096

– Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, болашақ ұрпақтың денсаулығын нығайту, олардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Жас өрендеріміздің спортқа деген құлшынысының жоғары дәрежеде болуы көңіл қуантады. Бүгінгі аудандық балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің құрылғанына 45 жыл толуына орай өткізіліп жатқан қол күресінен чемпионатқа қатысып, күш сынасқалы отырған командалардың жас спортшыларына жеңіс тұғырынан көрініңіздер деген тілектемін, - деді аталмыш мектептің директоры Дулат Серікқалиұлы.

IMG_2113

Жарыстың бас төрешісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық спорт төрешісі Нұрқат Нысанов жасөспірім спортшыларды жарыс ережесімен таныстырды.

Жарысқа қатысушылар төмендегідей орындарды иеленді:

2012 жылы туған және одан кіші жасжеткіншек қыздар арасында

40 келі салмақта Дана Тыныштық І орын (Шөптікөл) , 45 келі салмақта Айару Салауат І орын (Қалдығайты), +45 келі салмақта Әлфия Алтай І орын (Спорт мектебі);

2012 жылы туған және одан кіші жасжеткіншек ұлдар арасында

30 келі салмақта Асхат Бисембі І орын (Шөптікөл), 35 келі салмақта Ақниет Асқар І орын (Мұхит), 40 келі салмақта Саян Рафиғолла І орын (Қалдығайты), 45 келі салмақта Сержан Қайырбай І орын (Үшағаш), +45 келі салмақта Санжар Самғатұлы І орын (Мұхит);

2009-2011 жылы туған жасөспірім қыздар арасында

55 келі салмақта Нұрсезім Батырбек І орын (Үшағаш), 60 келі салмақта Зере Аманжол І орын (Спорт мектебі, Ханкөл), 65 келі салмақта Іңкәрім Фархадқызы І орын (Үшағаш);

2009-2011 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында

36 келі салмақта Нұрдаулет Арманұлы (Шөптікөл), 40 келі салмақта Серік Ерасыл І орын (Спорт мектебі, Мұхит), 45 келі салмақта Саян Сағынғалиев І орын (Спорт мектебі), 50 келі салмақта Дамир Қанат І-орын (Спорт мектебі, Мұхит),  55 келі салмақта Арман Алдоңғар І-орын (Аққозы), 60 келі салмақта Мансұр Мағзом І-орын (Спорт мектебі), 65 келі салмақта Диас Ғарифоллаұлы І-орын (Қалдығайты), 70 келі салмақта Мирас Жасұлан І орын (Спорт мектебі, Ханкөл), +70 келі салмақта Досымжан Сыйлыбай І орын (Ханкөл) иеленді.

2006-2008 жылы туған жасөспірім қыздар арасында 50 келі салмақта  Айым Жалел І орын (Ханкөл), 55 келі салмақта Аружан Берікқали І-орын (Ханкөл), 60 келі салмақта Наргиз Мирамбаева І-орын (Шалғын), +60 келі салмақта Шұғыла Серікқызы І орын (Қаракөл);

2006-2008 жасөспірім ұлдар арасында

50 келі салмақта Нұрәділ Жалел І орын (Шөптікөл), 55 келі салмақта Нұрхан Қайыршақов І орын (Аққозы), 60 келі салмақта Ержан Мерген І орын (Спорт мектебі), 65 келі салмақта Ұлан Ерсайын І орын (Аққозы), +65 келі салмақта Арман Серік І орынмен (Аққозы) марапатталды.

Командалық есеп бойынша бірінші орынды иеленген Шөптікөл ОЖББМБ кешені жарыс жеңімпазы атанды. Екінші, үшінші орындар Ханкөл, Мұхит атындағы орта мектептердің командаларына бұйырды.

Жеңіске жеткен командалар кубок және дипломдармен марапатталды.

Жеңімпаз үш мектептің команда жетекшілеріне шәкірттерін жарысқа жақсы дайындағаны үшін алғысхаттар табысталды.

Марапаттау рәсімін командалар жетекшілері мен аудандық балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Д.Қоламанов жүргізді.

Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале