21.05.2021, 16:53
Оқылды: 119

Қаратөбеде көрпе жасаудан шеберлік сағаты өтті

Қаратөбе аудандық мешітінде «Ұлттық өнер – өміршең қазына» тақырыбында қазақтың ұлттық өнері көрпе жасаудан шеберлік сағаты өтті.

Шыгармашылык шара

Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Соңғы жылдары қазақы нақыштағы заттарды пайдалану сәнге айналып келеді. Тұрғындардың ежелгі дәстүрді дәріптеп, ұмыт бола бастаған бұйымдарды қайта тірілткені көңіл қуантады. Мұны Елбасы Н.Назарбаев өзінің мақаласында «Көне дәстүрдің түп-тамырын алып, оны қазіргізаманға сай етіп үйлестіріп халық арасында насихаттау керек» деген болатын.

Шыгармашылык шара 3

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының «I&I» идея және инновация шығармашылық алаңы жобасы аясында Қаратөбе ауданы қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында ұйымдастырылды.

Бүгінде мешітке келуші қыз-келіншектерге қазақ қолөнеріндегі құрақтың шығу тарихына тоқталу, тұтыну заттарында немесе бұйымдарында қалай пайдалану керектігін және көрпе жасау, тігін тігу, оюларды ою, орналастыру, ісмерлік кәсіпке баулу бойынша пайдалы мәліметтер беріп, іс машинасымен көрпені тігуді үйрету маңызды болып табылады.

Мешіт үйінде өткен аталған шара қосымша білім беруде когнитивтік, техникалық және этикалық аспектілерді тиімді қолдана алатын өсу мен бәсекеге қабілетті оқытушыны дамыту үшін қолайлы орта құруды мақсат тұтты.

Шыгармашылык шара 1

Қазақтың ұлттық өнері көрпе жасаудан «Ұлттық өнер – өміршең қазына» шеберлік сағаты Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің балалар шығармашылығы үйінің facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы да көрсетілді.

Тағылымдық мәні жоғары жобаға қатысушылар, оның ішінде облыстық экологиялық биологиялық орталығы мен Сырым, Шыңғырлау аудандарындағы қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері тікелей эфир арқылы қатысты.

Шыгармашылык шара 2

Қатысушылар шеберлік сынып бойынша сұрақтарын қойып, ой бөлісіп, пікірталас орнатты.

Шараға Қаратөбе аудандық мешітінің бас имамы Әділжан Бекқазиев, «Ізгілік» қоғамдық қорының төрағасы, теолог Әмірбек Жәнібеков, «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалы – «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы Маралбек Амантаев қатысты.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале