23.06.2022, 17:00
Оқылды: 111

Қаратөбеде қос мереке тойланды

Бүгін Қаратөбеде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне, мемлекеттік қызмет органдарының 24 жылдығына және Қазақстан полициясының 30 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

WhatsApp Image 2022-06-23 at 16.49.58

Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев:

– Құрметті әріптестер Сіздерді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күнімен және Қазақстан полициясының 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.

Осындай айтулы мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, атқарып отырған істеріңізге зор жетістіктер тілей отырып, алға қойылып отырған міндеттердің аудан көлемінде жүзеге асуына сүбелі үлес қосуларыңызға тілекшімін,- деді аудан басшысы.

WhatsApp Image 2022-06-23 at 16.50.00

Айтулы шарада Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының алғыс хатымен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жора Жолдасқалиұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Қайырқұлұлы, Сулыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Уалихан Сапиоллаұлы марапатталса, ауылдық округтер әкімі аппараттарының бас мамандары, полиция бөлімінің қызметкелеріне, Сырым аудандық аумақтық инспекциясының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі инспекторы Рафик Сенғалиевке аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

WhatsApp Image 2022-06-23 at 16.49.53

Шарада аудан прокуроры Алмас Таспихов сөз алып, қос сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, АПБ-нің аға МАИ полиция майоры Айбек Арсенов, анықтаушы полиция капитаны Әділбек Идировты марапаттады.

Одан соң аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция майоры Алмаз Елбаев АПБ-нің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Нұршат Әсетовке, АПБ-нің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенаты Дәулет Орынбасаровқа, полиция старшыны Нұрлыбек Қуанышбекұлына және полиция аға сержанты Бекболат Амандықұлына БҚО полиция департаментінің алғыс хатын табыс етті.

Салтанатты шара аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

 Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале