28.09.2018, 14:47
Оқылды: 50

Қаратөбеде қысқы мал азығы дайын

Бұл жайлы Қаратөбеде өткен қоғамдық кеңес отырысында айтылды. Кеңес отырысын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Орынғали Ермекқалиев жүргізді. 

IMG_5163

Алдымен күн тәртібінде мал азығын дайындау жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіндегі атқарған жұмыстары, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша есептері мен оның ішінде жасырын сатып алушы тәсілімен жүргізілген қоғамдық бақылау нәтижелерін қарау жөнінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ермек Сайнов баяндеп берді:

– Аудан бойынша 2018-2019 жылдың мал қыстағына қажет 58,7 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланса, 57,14 мың тонна шөп дайын. Жоспар 97,3 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде 2,8 мың тоннасы өткен жылдан қалған мал азығы.

Аудан бойынша мал ұстайтын 2186 ауланың 1772-не мал азығы түсіріліп, 81,1 пайызды құрады. Жалпы аудан бойынша бір көлік шөптің құны орта есеппен алғанда 23 мың тенгеден,  ал бір рулон мал азығының орташа бағасы  2200 теңгеден сатылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіндегі атқарылған жұмыстар жоспарға сай жүзеге асуда. Атап айтсақ, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, БҚО кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының өкілдері және жеке кәсіпкерлер арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қаратөбе ауданы бойынша аудан прокуроры  және мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізетін органдардың басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында семинар өтті, - деді.

Жиында сонымен бірге аудан бойынша азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіндегі атқарған жұмыстары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Жүсіпқали, аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы М.Есендосовтың баяндамалары тыңдалды.

Ұсынылған мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан шешім қабылдады.

Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале