23.12.2019, 12:30
Оқылды: 64

Қаратөбеде Мұхит атындағы "Ғибрат" сыныбы ашылды

Қаратөбе ауданындағы Б.Қаратаев атындағы мектепте 1990 жылы мектеп бітірген түлектердің демеушілігімен дарынды дала бұлбұлы Мұхит Мералиев атындағы "Ғибрат" сыныбы ашылды.

qaratobe (6)

Үш жүзден ән оздырған сал Мұхит атындағы өнер сыныбының негізгі мақсаты дәстүрлі өнерді қайта жаңғырту.

Халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы Мұхит Мералыұлы – 1841 жылы Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келді.

qaratobe (5)

 Әбілқайыр әулетінен шыққан, Қаратай сұлтанның немересі. Оның туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіп өнерпаз адамдар болған. Мұхит Орынбор, Қостанай, Жаманқала (Орск), Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау өңірлерін аралап, «Әнші Мұхит», «Сал Мұхит» атанды. Оның «Дүние-ай», «Зәуреш», «Паң көйлек», «Қыпшақ», «Дөң асқан», «Кербез» әндері әншілік өнерінің сан қырлы табиғатын ашады.

qaratobe (8)

Ашылу салтанатында ардагер ұстаз Ғарифолла Шамғоновпен аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Орынбасарұлы сыныптың лентасын қиды.

Шарада сөз алған "Нұр Отан" партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов сыныптың алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, аудан тарихы туралы кітаптар сыйға тартты.

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале