6.11.2019, 18:33
Оқылды: 84

Қаратөбеде оқу жаттығу жиыны өтті

Қаратөбе ауданында «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.

qaratobe (2)

Аудандағы төтенше жағдайлар бөлімі мен өзге де құрылымдар, басқарма кәсіпорындары қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алуды пысықтап, оқыс жағдайларға жол бермеу және алдын алу шаралары жайында кеңесті.

qaratobe (1)

Қаратөбе ауылы аумағында аудандық шұғыл әрекет ету жасағының саптық байқауы өткізілді. Саптық байқауға аудандық шұғыл әрекет ету жасағының 30 техникасы мен 72 адам қатысты. Жасақтың дайындық жұмысымен аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Махамбет Қажыгереев, Қаратөбе аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық  қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақов танысты.

qaratobe (3)

Оқу-жаттығу жоспарына сай алдымен олардың дайындығы, төтенше жағдай орын алған кездегі іс-әрекеттері толық қадағаланды. Мекеме мен кәсіпорындардың қысқы кезеңге дайындықтарын тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан әр іске жауапкершілікпен қарауды, қыс кезеңінде ұйымшылдықпен өткізуді тапсырды.

Гаухар Феликс

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале