29.11.2021, 18:33
Оқылды: 62

Қаратөбеде отбасылар сайысы мен футзалдан жарыс өтті

Бүгін Қаратөбе аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне және Қазақстан Республикасы Прокуратурасына 30 жыл толуына орай шағын футболдан аудан біріншілігі және «Әкем, шешем және мен» атты аудандық сайыс өтті.
53181F0B-CAA4-4A54-B2E6-015B14D1F7D2

Мерекелік шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы мен Қаратөбе ауданының прокуроры Алмас Төрекелдіұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ҚР Прокуратурасының 30 жылдық мерекесімен құттықтады.

Отбасылық сайыстың финалдық кезеңінде Үшана ауылынан Жакиевтер отбасы, Қарақамыс ауылынан Мұқановтар отбасы, Жусандыой ауылынан Бекмағанбетовтер отбасы бақ сынады.

969A5B82-71A7-460F-A629-282C8FF1172B

Аталған жанұялар сайысы «Шымылдық», «Кедергілер алаңы», «Кім шапшаң?», «Сегізаяқ», «Шығыршық», «Ұлттық асық ойыны», «Велотриал» кезеңдерінен тұрды. Алғашқы кезеңде әр отбасы өздерін таныстырып, оған дайындаған материалдарын әділқазылар алқасына ұсынды. Отбасы мүшелері әр сайыста жігерлілік танытып, жеңіске деген талпыныстарын көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі  I орынды Қарақамыс ауылынан келген Мұқановтар отбасы иеленді. II орынды жусандыойлық Бекмағанбетовтар отбасы иеленсе, Жакиевтер отбасы III орынға табан тіреді. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен қоскөлдік Серіковтар отбасы марапатталды. Сайысқа қатысушы отбасыларға бағалы сыйлықтар беріліп, дипломдар табысталды. 

5AEEF2AC-CC5B-41CC-B7B4-C80514B515A9

Футзалдан финалдық кезеңге өткен Ақтайсай және Сулыкөл ауылы құрамалары мен Қаратөбе ауданының құрамасы соңғы бәсекеде тартысты ойын көрсетті.

Ойын қорытындысында I орынды Қаратөбе ауылы командасы иемденіп, жеңімпаз атанды. Жүлделі II орынды Сулыкөл ауылының командасы иеленсе, III орынға Ақтайсай ауылының командасы тұрақтады.

Сайыс нәтижесі бойынша «Үздік қақпашы» аталымына Асхат Мерғалиев, «Үздік қорғаушы» аталымына Мерхат Сұлтангереев, «Үздік шабуылшы» аталымына Қайсар Ғабдоллаев, «Сұрмерген» аталымына Мағжан Серіков ие болды.

Сайысқа қатысқан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубок пен ақшалай сыйлықтар табысталды.

 Халила Моржанова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале