25.06.2026, 11:31
Оқылды: 17

Қаратөбеде «Сал Мұхит – дәуір үні» атты республикалық мәдени шара жалғасын тапты

Халық композиторы, әнші, ақын Мұхит Мерәліұлының 185 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Сал Мұхит – дәуір үні» мәдени-танымдық шарасы Қаратөбе ауданында жалғасын тапты.

IMG_7047

Айтулы мерейтой аясында ұйымдастырылған байқауға қатысушыларды, Мұхит бабаның ұрпақтарын және алыстан ат терлетіп келген қонақтарды аудан шекарасынан Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев бастаған аудан жұртшылығы қарсы алып, ақ дәм ұсынып, құрмет көрсетті.
Одан кейін мерейтой қонақтары, өнер майталмандары мен Мұхит әндерін орындаушылар Қарақамыс ауылына ат басын бұрды. Делегация алдымен Ақбақай қорымындағы Мұхит Мерәліұлының кесенесіне барып, қазақтың ән өнерінде өшпес із қалдырған тұлғаның рухына тағзым етті.

IMG_7049
Кесене басында аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Төлебайұлы Құран аяттарын оқып, баба рухына дұға бағыштады.
Мерейтойлық шара көкпардан аудандық ашық турнир, “Әнші Мұхит” кітабының тұсау кесері және “Сары дала сағынышы - Сал Мұхит” республикалық дәстүрлі әншілер байқауымен жалғасын табады.

IMG_7051

 

Қаратөбе өңірі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале