25.08.2021, 14:47
Оқылды: 45

Қаратөбеде сал Мұхиттың 180 жылдық мерейтойы бастау алды

Бүгін Қаратөбе ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында халық композиторы, әнші, ақын Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығына арналған «Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы басталды.

66666

Мұхит бабаның мерейтойына арналған байқауға қатысушы үміткерлерді, баба ұрпақтары мен шара қонақтарын аудан шекарасынан қарсылаған Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев бастаған топ қазақы дәстүрмен ақ дәм ұсынып, құрмет көрсетті.

Мерейтойлық шараға келген меймандар алдымен орталық алаңда орналасқан Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жезтаңдай әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

111

Бұдан соң үш жүзге ән оздырған әнші Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығына арналған «Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал» атауымен аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі әншілер байқауы басталды.

Мерекелік шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сал Мұхиттың шығармашылығын насихаттаудың маңыздылығына тоқталып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

222

Алты алашқа ән оздырған Мұхит бабамыздың әндерін орындаушылар  арасындағы республикалық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 17 үміткер қатысуда. Кәсіби әншілер додаға түсетін байқау үш кезеңді қамтиды.

444

Баба мұрасын насихаттаушы дәстүрлі әншілерге «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі, қазылар алқасының төрағасы Қайрат Кәкімов бастаған Сәуле Жанпейісова, Сағадат Рахметжанов, Ербол Айтбаев, Армат Еслямғалиев, Серік Абдрахманов сынды өнер майталмандары қазылық етпек.

 333

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале