БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

10.03.2023, 12:30
Оқылды: 239
Қаратөбеде су құбыры жарылып, тас жол жабылды

Қаратөбе ауылының қақ ортасындағы Ы.Алтынсарин көшесінде ауылішілік тас жол жарылып, жол қозғалысы шектелді.

 тас жол 3

Жолдың жарамсыз күйге түсуіне су құбырының жарылуы себеп болған. Салдарынан  көлік қатынасы мен осы төңіректегі тұратындарға ыңғайсыздық тудырды. Көше тұрғындарының айтуынша су құбыры жарылғанына біраз болған. Содан бері ешкім ештене жасамай, қыстай жер астындағы жарылған құбырдың суы мұз болып қатқан. Соның салдарынан ауылішілік тас жол көтеріліп, жарылған.

тас жол 5

Апат салдарынан сол маңдағы тұрғын үй аулаларына су кіріп, тұрғындар өз күштерімен суды жырып, әрекет жасауда.

Көктемгі қар суынан қауіптенетін көше тұрғындары мына апат жығылғанға жұдырық болғандығын айтып, уақытында су құбырын жөндемеген шенеуніктерге наразы екендіктерін жасырмады.

тас жол 2

Мәселенің мән жайын білмек үшін ауыл әкімі Берікқали Мусамен тілдескен едік.

 – Ақпан айында Ы.Алтынсарин көшесінде су құбыры жарылды. Аудан әкімдігінің жанынан құрылған комиссия мүшелері апат орнына барып,  қарадық. Сол кездегі ауа райы нағыз аяздың шегіне келіп, қолайсыздық туғызуына байланысты жөндеуді кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылдадық. Себебі, ауа райының қолайсыздығына қарамастан жөндеу жұмыстарын жүргізетін болсақ, ауылішілік су құбырларының қатып қалу қаупі туындар еді. Қазіргі таңда тұрғын үйлерлерге су кіру қаупі туындағасын  тас жолды жырып, жиналған судың мол қорын қарсы бағытқа ағызудамыз. Су құбыры тас жолдың астынан жарылғандықтан жөндеу жұмыстары қазірдің өзінде ыңғайсыздық тудыруда. Ендігі кезекте аудандық коммуналдық кәсіпорынның қызметкерлері апат салдарын жойғаннан кейін, тас жолдың жарылған көлемін анықтап, қалпына келтіру жұмыстарына жобалық-сметалық құжат дайындап, тас жолды жөндеу жүргіземіз. Бірақ бұл жұмыс бүгін-ертең жасалмайды. Күн жылып, қар суы жерге сіңгеннен кейін бастаймыз. Бұл шешім дұрыс деп ойлаймын, - дейді округ әкімі Берікқали Жақсылықұлы.   

 

 

 

         Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале