15.12.2021, 23:30
Оқылды: 89

Қаратөбеде Тәуелсіздік мерекесі тойланды

Бүгін Қаратөбе ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара оздырылды. Салтанатты шараға БҚО әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев арнайы қатысты.

 A4F04894-6052-486F-AB31-9BE8AB9B7A50

Ауданымызға арнайы сапармен келген Берік Әділгерейұлы алдымен қаратөбелік қария Базар Меңдіғалиев және Маруся Бердалинаның шаңырағында болып, мерекелерімен құттықтап, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің құттықтау хатын табыстады.

Одан соң «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы күрделі жөндеуден өткен үш қабатты Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесі мекемесінде болып, кітапхана ұжымымен жүздесіп, олардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар ауыл ақсақалдарымен кездесіп, ел жағдайын сұрап, емен-жарқын әңгіме өрбітті.

Егемендігімізді айғақтайтын еліміздің ең басты мерекесінің құрметіне орай мәдениет үйінде өткізілген салтанатты жиын алдында барлық ауылдық округ әкімдері өздері басқарып отырған округтерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныстырды.

7251A2D9-118C-4351-A50C-6ABCDBC21195

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған шарада БҚО әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев барша қаратөбеліктерді айтулы мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев баяндама жасап, тәуелсіздік жылдарында ауданда атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтті. Аудан халқын егемендіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған аудан басшысы әр жетістігіміз тәу етер тәуелсіздіктің арқасында екендігін атап өтті.

Марапаттау салтанатында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен Қосыбай Бақытжанов, Ғабдрахман Бисеғұлов, Берікжан Ғарапшиев, Орынғали Дүйсенғалиев, Мақсот Ермеғали, Мағзом Есендосов, Мәулен Қожахметов, Еркінбек Жәнібеков, Жеңісқали Қуанышкереев, Дина Қожбаева, Халық Наурзалин, Ғабит Маханов, Мажит Нүрекешов, Батима Айтқұлова, Даниял Қаресов, Кенжебек Аймашевтар марапатталды.

E38CF90B-114C-4829-81CE-17C73F117038

Сонымен қатар ҚР Сенатының Құрмет грамотасымен аудандық мәслихат депутаты Гүлмира Тлеуғалиева, ҚР Сенатының алғыс хатымен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов және Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен еңбек ардагері Асан Шонов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев марапатталды.

Қызметтеріндегі елеулі еңбекутері үшін аудан әкімінің алғысхаттары бірқатар мекеме қызметкерлеріне табыс етілді.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған шарада қол күресінен үш дүркін Әлем чемпионы атанған Ержан Ерболатұлына Қаратөбе ауданының «Құрметті азаматы» атағы беріліп, аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы ат мінгізді.

Салтанатты шарада тәуелсіздік құрдастарына құрмет көрсетіліп, аудан көркемөнерпаздарының «Ұлы даланың ұлы жеңісі – Тәуелсіздік» атты концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

 Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале