БҚО-да «жұмысқа тұрғызамын» деп ақша алған алаяқ ұсталды
26 Қыркүйек 2023

БҚО-да «жұмысқа тұрғызамын» деп ақша алған алаяқ ұсталды

БҚО-да заңсыз ауланған 16 қап шаян тәркіленді
26 Қыркүйек 2023

БҚО-да заңсыз ауланған 16 қап шаян тәркіленді

Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
26 Қыркүйек 2023

Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Мемлекетке 108 миллион теңгеден астам залал келтірілгені анықталған
26 Қыркүйек 2023

Мемлекетке 108 миллион теңгеден астам залал келтірілгені анықталған

«Дронмен де барлауға болады»
26 Қыркүйек 2023

«Дронмен де барлауға болады»

Арзан несие, қауіпті құрылыс, тариф өсіру...
26 Қыркүйек 2023

Арзан несие, қауіпті құрылыс, тариф өсіру...

Қаратөбеде учаскелік полицияның тірек пункті ашылды

Бүгін Қаратөбе ауданының орталығында бір пәтерлі тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полицияның тірек пунктінің ашылу салтанаты өтті.

IMG-20220928-WA0075

Пайдаланылуға берілгелі отырған су жаңа нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев:

IMG-20220928-WA0079

– Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларындағы тапсырмаларға сай түрлі елді мекендерде құқық қорғау органдарына жергілікті атқарушы орындар тарапынан көмектер көрсетіліп келеді. Соның бір дәлелі - «АMANAT» партиясы филиалының сайлауалды бағдарламасының жоспарына сай бүгінгі ашылғалы отырған учаскелік полицияның тірек пункті. Қаратөбе ауылдық округі төрт елді мекеннен тұрады. Тірек пунктінің орталықтан ашылуы құқық қорғау органдары жұмысының жоғары деңгейде жүруіне үлкен серпін тигізеді деп есептейміз, - деді.

IMG-20220928-WA0077

Жаңа ғимараттың ашылуымен аудан тұрғындарын құттықтаған БҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ернар Сұлтанғалиев пен полиция ардагері Серік Ғалымов бір пәтерлі тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полицияның тірек пункті халық тыныштығы мен құқығын қорғауда ауқымды жұмыстар атқаратындығына сенім білдіріп, бұл жоба облыс аудандары арасында жүзеге асырылып жатқан алғашқы жоба екендігіне тоқталып өтті.

IMG-20220928-WA0074

Халық игілігіне берілгелі тұрған жаңа нысанның ашылу салтанатының лента қию рәсімін аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы пен БҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ернар Тимурұлы жүргізді.

IMG-20220928-WA0078

Айта кетейік, бір пәтерлі тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полицияның тірек пунктінің құрылысы биылғы сәуір айында басталып, тамыз айының соңында аяқталған болатын. Құрылыс жұмыстарын «БатысКотлоМонтаж» компаниясы жүргізген нысанға аудандық бюджеттен 39 миллион 500 мың теңге қаржы жұмсалған.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале