5.10.2021, 10:55
Оқылды: 67

Қаратөбеде ұстаздар мерекесі атплып өтті

Қаратөбе ауданында «Жарық күні ғаламның...» тақырыбында  ұстаздар мерекесі аталып өтті.
F7C4BDFF-9C65-49F6-BC78-83911971CEBF

Мұғалімдер мерекесіне арналған салтанатты шара Қаратөбе мектеп-гимназиясы оқушыларының орындауындағы «Қазақ биімен» ашылды.

Алдымен ортаға талай шәкіртті үлкен өмірге қанат қақтырған ардагер ұстаздар құрметпен шақырылып, оларға сыйлықтар ұсынылды.  

89A8295B-DD99-4693-87E7-231AAE4B23ED

Аудан ұстаздарын аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев құттықтап, өткен оқу жылдарында абыройлы қызмет атқарған бір топ аудан ұстаздарына облыстық білім жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі, шығармашылық ізденісі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Құрмет грамоталарын, ауданда білім беру жүйесін дамытудағы және жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға қосқан үлесі мен табыстары үшін аудан әкімінің алғысхаттарын, қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгілері мен Құрмет грамоталарын табыстады.

7FB8BEBF-C31E-4385-B15B-872E88C21140

Мерекелік шара барысында қаратөбелік ұстаздарды кезінде мектепте дәріс алған шәкірттері Орал қаласынан Абат Шыныбеков, Алматыдан Талант Арғынғали, тағы да басқалар экран арқылы құттықтады.

Мерекелік шарада Қаратөбе мектеп-гимназиясы оқушыларының орындауындағы «Ұстаз әні», Мұхит атындағы ЖОББМ оқушылары Құдайберген Жалғас пен Дария Сағызбайдың орындауындағы «Ұстазым»,  Шөптікөл мектеп-бөбекжай балабақша кешенінің оқушысы Мәдина Қаражан орындаған «Ұстаз ана», Қаратөбе мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Аяулым Қизатова нақышына келтіре мәнерлеп оқыған Фариза Оңғарсынованың «Ұстаз» өлеңі, Қаратөбе балалар музыка мектебінің ансамблі орындаған Дәулеткерейдің «Көроғлысы» ұстаздарға көтеріңкі көңіл сыйлады.  

                                                Ерболат Райсов,

                                   Қаратөбе ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале