18.12.2019, 17:21
Оқылды: 100

Қаратөбеде волейболдан аудан әкімінің жүлдесі үшін турнир өтті

Турнирге Егіндікөл, Қоскөл, Сулыкөл, Қаракөл, Аққозы, Саралжын, Қаратөбе, Жусандыой ауылдық округтері мен Ханкөл, Үшана ауылдарының командалары қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Жанат Асантаев сөз сөйлеп, турнирге қатысушы командаларға жеңіс тұғырынан көрінуге тілек білдірді. Ал турнир ережесімен бас төреші Нұрбек Сайынов таныстырып, спортшыларға сәттілік тіледі.

qaratobe kubok (1)

Алғашқы ойынды жеребеге сай Қоскөл және Жусандыой округтерінің командалары бастады. Бұл екі команда арасындағы ойында есепті Жусандыой ауылдық округінің командасы ашып, жеңіске де  солар жетті.

Жасыратыны жоқ, соңғы кезде ауданда бұқаралық спортты дамытуға зор көңіл бөліне бастады. Бұрындары округтерге қарасты ауыл тұрғындары мұндай спорттық ойындарға қатыса бермейтін. Осы жолы аталмыш турнирге Жусандыой, Сулыкөл ауылдық округтерінен алғаш рет Ханкөл және Үшана ауылы командалары қатысып,  жақсы ойын өрнегін көрсете білді.

Сонымен аудан әкімі кубогі үшін ерлер арасында өткен аталмыш турнир қорытындысында шебер ойын көрсеткен командалардың кейбір жекелеген ойыншылары түрлі аталымдарға ие болды. «Үздік шабуылшы» аталымын қаратөбелік Еламан Бекжанұлы, саралжындық Бақыт Азамат «Үздік қорғаушы», аққозылық Жантөре Жәрдемов «Үздік байланыстырушы» және жусандыойлық Бекзат Бауыржанов «Көрермен көзайымы» аталымдарын иеленді.

qaratobe kubok (5)

 Жарыс қорытындысында кубок қаратөбелік командаға тиіп, олар 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Турнир жеңімпазы атанған Қаратөбе ауылдық округінің командасын аудан әкімі Жанат Асылханұлы марапаттады. Сондай-ақ ІІ орын иеленген Аққозы ауылдық округінің командасына 70 мың теңге, ІІІ орынды еншілеген Жусандыой ауылдық округіне 50 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале