16.07.2019, 17:24
Оқылды: 175

Қаратөбеде жаңа жедел жәрдем көліктері табысталды

         Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев аудандық орталық аурухана мен Қоскөл ауылдық-дәрігерлік амбулаториясына су жаңа «УАЗ» жедел жәрдем көлігінің кілтін табыс етті.

 IMG_9839

Аудан басшысы Жанат Асылханұлы аудан дәрігерлерінің қиын да жауапты еңбектеріне сәттілік тілеп, екі көліктің кілтін аудандық орталық аурухана басшысының міндетін уақытша атқарушы Әсемгүл Жайықбайқызына  табыстады.

– Бүгін біз үшін қуанышты күн. Жедел жәрдем көлігінің бірін орталыққа пайдаланымыз. Көліктеріміз ескірген еді. Жаңа көлік табысталып қуанып жатырмыз. Екінші көлік күре жолдың бойында, аудан орталығынан шалғайдағы округтің бірі Қоскөлге берілмекші. Жол-көлік оқиғасы бола қалса көбіне Қоскөл ауылдық-дәрігерлік амбулаториясынан жәрдем күтеді. Оқиға болған жерге тез жетіп көмек көрсетуге, халықтың денсаулығын сақтауда жаңа көліктің болғаны дұрыс деп есептеймін, - дейді Әсемгүл Мұқанова.

                                                                         Ерболат Райсов,

                                                                              Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале