20.11.2019, 11:47
Оқылды: 105

Қаратөбедегі бір көшеге «Алаш» атауы берілмек

Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында аудан орталығындағы бір көшеге атау беру туралы қоғамдастық жиналысы өтті.

qaratobe (2)

Жиналысқа төрағалық еткен ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Махсот Ермеғали күн тәртібіне сай аудан орталығының кіре берісіндегі «Үшінші көше» аталып келген орамға «Алаш» немесе Алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедов есімін беру туралы жиналғандарды хабардар етіп ауыл тұрғындарының пікірлерін тыңдады.

qaratobe (1)

Жиынға қатысушылардың басым көпшілігі аталмыш көшені тарихи маңызға ие «Алаш» атауымен атауды ұйғарды.

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале