11.08.2021, 11:22
Оқылды: 76

Қаратөбелік әнші жүлдегер атанды

Таяуда Сырым ауданында дәстүрлі әнші, термеші, бүкілодақтық телевизиялық байқаулардың лауреаты Амангелді Ғұбайдуллиннің 70 жылдығына арналған «Амангелді – ақтаңгер, ән дүлдүлі» атты аймақтық-республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өткен болатын.

Нұршат

Өнер бәсекесіне қатысып, айшықты өнерімен ерекшеленген Қаратөбе аудандық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Нұршат Исламғалиев жүлделі І орынға ие болды. Бұған дейін де өткен байқауларда бірнеше мәрте жүлдегер атанған Нұршат бүгінде Қаратөбе өңірінде сал Мұхит пен Ғарекеңнің ізбасарларын дайындап жүр.

Айта кету керек, бір ғана Исламғалиевтер әулетінен Жақсылық, Армат, Гүлнафис, Нұршат сынды әнші-термешілер шыққандығын қалың ел жақсы біледі. Бүгінде Исламғалиевтердің бәрі де ел мойындаған өнер өкілдері.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале