10.12.2023, 12:19
Оқылды: 29

Қаратөбелік «Елім-ай» ансамблі дауыс берді

Бүгін Қаратөбе ауданына қарасты Қаракөл ауылдық округі əкімінің сайлауы өтуде. Округ әкімін сайлауға қаракөлдіктер белсене атсалысуда. Аталған саяси науқанға Ақтайсай ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған халықтық «Елім-ай» әжелер ансамблі де қатысып, ансамбль мүшелері өз таңдауларын жасады.

Әжелер ансамблі3

Сайлауға келіп дауыс берген «Елім-ай» әжелер ансамбліне №274 Ақтай сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Асылан Исмагулов сыйлық табыстап, алғысын жеткізді.

Әжелер ансамблі1

Серікбай Хасанов, 

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале