14.05.2021, 16:59
Оқылды: 163

Қаратөбелік оқушылар жоғары нәтиже көрсетті

7-10 мамыр аралығында Алматыдағы «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «IQANAT» республикалық слеті өтті. Слетқа Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушылары да қатысып, табысты оралды.

IQANAT

«IQANAT» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан оқушылар арасындағы білім бәсекесіне қатысқан Қаратөбе мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары Фарида Сағидуллина мен Айда Болатова жоғары нәтиже көрсетті.

Жеті жүз оқушы қатысып, үш кезеңнен тұрған емтихандардан сүрінбей өткен талантты өрендер IQANAT HIGH SCHOOL OF BURABAY мектебіне қабылданды. Алдағы уақытта Фарида мен Айда 10-11 сыныпты аталмыш мектепте оқитын болады.

– Маған бұл слет жаңаша көзқарас қалыптастырды. Біздің алған білімімізді сынап, ел-жер көруімізге мүмкіндік туғызған барша ұстаздарымзға, сонымен қатар «IQANAT» қорының бас құрылтайшысы Айдын Рахымбаевқа, Сырымбет ағайға ризашылығымды білдіремін.

Менің ойымша, әр оқушы дәл осы олимпиада арқылы білімін тексеріп, алға жылжуға шабыт ала алады. Біздің осындай республикалық олимпиададан үздік нәтиже көрсетуіміз мектебіміздің жоғары дәрежеде білім беретіндігінің дәлелі, - дейді мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Айда Болатова.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале