22.04.2021, 16:06
Оқылды: 240

Қаратөбеліктер әлем чемпионымен кездесті

Бүгін Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қол күресінен аудандық семинар және әлем чемпионы Ержан Ерболатұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында әлем чемпионы Ержан Ерболатұлы мен оның бапкері, ұлттық төреші Нұрхат Есенжанұлы бірнеше сауалдарға жауап берді. Экраннан Ержанның спорттағы жетістіктері мен бапкері Нұрхаттың еңбек жолынан көрініс тамашаланды.

 IMG-20210422-WA0021

Аудандағы үздік спортшылардың мәртебесін көтеру, дені сау ұрпақ тәрбиелеу және ауданда қол күресі спортын дамытумен қатар жаттықтырушылар мен төрешілердің өзіндік біліктілік деңгейін арттыру мақсатында өткен шараға аудандық «Рухани жаңғыру» кеңсесінің әкімгері Айгөлек Әділханқызы, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Айбат Шайжанұлы, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дулат Серікқалиұлы қатысып, әлем чемпионы Ержан Ерболатұлының қол күресі спорты бойынша қол жеткізген жетістіктері мен оның әлем чемпионы атағын иелену жолындағы еңбектері туралы әңгімелеп, ауданның бір топ спортшыларына «Ауданның қол күресі спортының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыстады.

IMG-20210422-WA0023

Олардың қатарында аудан спортшылары Ә.Рабаев, Қ.Нұрсұлтанов, Р.Алдоңғаров, Е.Жакеев, Б.Зинуллин, Ж.Жүсібалиев, Д.Бақтыгерей бар.

Аталмыш кездесу шарасын қорытындылаған спорт мектебінің директоры Дулат Қоламанов әлем чемпионы Ержан Ерболатұлына алғыс хат табыстап, қол күресінің төсбелгісімен марапаттады.

IMG-20210422-WA0018

- Қол күресі – білектілер белесі. Рухы мықты, қайратты ердің үлесі» деген жолдар Сіздей нар тұлғалы дарабоз ерлерге арналса керек.

Сіз, қол күресінен облыстық, республикалық жарыстарда, Азия және әлем чемпионаттарында топ жарып, алтыннан алқа тақтыңыз. Көк байрағымызды желбіретіп, үздіктер қатарынан көріндіңіз. Бұл қажырлы еңбек пен үздіксіз дайындықтың жемісі деп білемін. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында Сіз аудандағы үздік спортшылар қатарынан көріндіңіз.

IMG-20210422-WA0014

Қажырлы еңбегіңіздің жемісін көріп, алдағы уақытта өткелі тұрған Азия, Әлем чемпионаттарында жеңіске жетіп, көк байрағымызды желбірете беруіңізге тілекшімін, - деді жас чемпионға жылы лебізін білдірген спорт мектебінің директоры Дулат Серікқалиұлы.

Түстен кейін аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде қол күресі спорты бойынша аудандық семинар өтті.

 

Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале