2.10.2019, 10:34
Оқылды: 180

Қаратөбеліктер ардагерлерге құрмет көрсетті

Халықаралық қариялар күніне орай «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Қаратөбе ауданында мерекелік шара өтті.

 qaratobe (3)

Алдымен мәдениет үйінің фойесінде ардагерлер арасында шахмат және дойбыдан жарыс өтті. Одан соң аға ұрпақ өкілдері аудан өнерпаздары ұйымдастырған «Қарттарым қазынам» атты мерекелік концертті тамашалады.

qaratobe (4)

«Шыңғыс» мейрамханасында өткен мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев, сөз сөйлеп аудан  ардагерлерін құттықтады.

qaratobe (2)

Атаулы күнге орай ауданда ұйымдастырылған мерекелік шараға дән риза болған аудан ардагерлері жылы лебіздерін айтты. Ардагерлерге мерекелік сыйлықтар табысталды.

qaratobe (1)

Шарадан соң аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан бастаған бір топ лауазым иелері Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманғали Ысқақовтың шаңырағында болды. Ардагердің жағдайын біліп, құттықтады.

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале