16.08.2021, 15:22
Оқылды: 63

Қаражат мақсатты жұмсалуда

Әр елді мекен халқын мазалайтын бір мәселе болады. Бүгінгі күнге дейін алыс-жақын ауылдар үшін таза ауыз суы арман болып келсе, қазір ол әр тұрғынның үйінде бар. Ұялы телефон байланысы да жолға қойылды, Ендігі алаңдататыны ауыл көшелеріндегі жолдың жәйі. Аудан орталығының көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанымен ауылдықтар үшін әлі де күтуге тура келері анық. Осы мәселені өз күштерімен шешуді қолға алып отырған ауылдық округтің бірі - Ақтау.

IMG-20210810-WA0058

Ауылдық округ әкімі Мұрат Тасболатовтың бастамасымен жергілікті бюджет есебінен ауыл ішіндегі көше жолын ағымдағы жөндеуден өткізу қолға алынды.

Ұзындығы 1,4 шақырым болатын Тәуелсіздік көшесінде бүгінде мемлекеттік сатып алу заңының баға ұсыныстарының талабына сәйкес  мердігер болып танылған «Жайық жол құрылыс» ЖШС  жолды қыру жұмыстарын бастап кетті.

- Ауыл жолдарынның біразын күрделі жөндеуден өткізу ойымызда бар, бірақ оған әжептәуір қаражат қажеттігі белгілі. Әйтсе де қарап отырмай, жолдарды ең болмағанда ағымды жөндеуден өткізуді ұйғардық. Аудандық бюджет есебінен бөлінген азын-шоғын қаражатты жол жөндеуге бөліп, ауыл үлкендерімен ақылдаса келе алдымен Тәуелсіздік көшесінен бастауды жөн көрдік. Алдағы уақытта қаржы мәселесі оң шешімін тауып жатса деп ауылымыздың Астана, Болашақ, Достық көшелерінің жолдарын жөндеуге сметалық құжаттарды дайындап қойдық, - дейді округ әкімі Мұрат Қайыржанұлы.

                                                      Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале