1.10.2020, 13:52
Оқылды: 166

Қарияларды құттықтады

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болатбек Ахметжанов Переметный ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, ондағы қариялар мен кейуаналарды мейрамдарымен құттықтады.

Karia (1)

Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аға ұрпақтың жанқиярлық еңбегі мен қазіргі ұрпаққа лайықты үлгі, өмірлік өнеге. Бүгінгі мереке сіздерге деген сыйластығымыз бен құрметіміздің көрінісі. Халқымыз әр кезде үлкенді құрметтеп қадірлей білген. Сіздер біздің рухани мәдениетіміздің үлгісі болып қала бересіздер.Әрқайсыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді қарттарды аудан әкімінің атынан құттықтаған Ерікқали Ғұмарұлы.

Karia (4)

Кездесу барысында арнаулы мекеме басшысы Альберт Талпахов қариялар мен кейуаналарға қамқорлық жасау, әлеуметтік қолдау көрсету қашанда ел үкіметінің назарынан тыс қалмағанын жеткізіп, келген қонақтарға ризашылығын білдірді.

Karia (5)

Сондай-ақ қарттар атынан сөз алған қызмет алушы Татьяна Котова да әр мереке сайын көзден таса етпей, қолдан келген көмегін аямайтын аудан басшылығына рахметін айтып, әлемді шарлаған аты жаман аурудан тез құтылуымызды тіледі.

Karia (8)

Кездесу соңында Ерікқали Бисақаев мекеме басшысына аудан әкімі Марат Тоқжановтың алғысхатын ұсынып, бағалы сыйлығын табыс етті.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале