30.09.2022, 18:28
Оқылды: 45

Қарияларға құрмет – абыройлы міндет

 Бүгін Қаратөбе ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 1 қазан – Қариялар күніне орай мерекелік салтанатты іс-шара өтті.

 Қариялар куні (2)

Аталмыш салтанатты мерекелік іс-шарада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев пен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов аудан қарияларын төл мерекелерімен құттықтап, ардагер ағалар мен ақ жаулықты әжелердің болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектерінің маңыздылығына тоқталды.

Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Еркінбек Жәнібеков  аудан қарияларына арналған мерекелік іс-шараның бағдарламасымен,  орталықтандырылыған кітапхана жүйесінің меңгерушісі Нұржамал Сәрсенқызы қарияларды күрделі жөндеуден өткен аудандық кітапхана жұмысымен таныстырды.

Аудан қариялары жерлес жезтаңдай әнші-композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің ескерткіші қасында естелік суретке түсіп, орталық саябақты аралады.

Арнайы ұйымдастырылған көліктермен саяхаттаған аудан ардагерлері Алаш және Қайыржан Хасанов атындағы музейде болып, ондағы жәдігерлерді тамашалады.

Аудан орталығындағы «Шыңғыс» мейрамханасында ардагерлерге  арналған мерекелік дастарқан мәзірі ұйымдастырылды. Мерекелік дастарқанда ардагерлер  өз ой-пікілерін айтып, өздерін қадірлеп, сый-сияпат көрсеткен аудан басшысына, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт  және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері ұжымдарына алғыстарын жеткізді.

Көптен бір-бірімен кездеспеген қариялар мереке күні емен-жақын жүздесіп, әңгіме айтып, ән шырқады.

 

                                                                                    Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале