19.08.2021, 17:00
Оқылды: 39

Қарт анаға баспана сыйлады

Былтырғы жылды Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Волонтер жылы» ретінде белгілеп, осы саланы дамыту үшін нақты шаралар қабылдады. Биыл ҚР Үкіметі қабылдаған волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы негізінде еріктілердің қызметтері түрлі бағытта жүргізілуде. Қамқорлықты қажет ететін санаттағы адамдарға көмектесуді көздейтін «Біргеміз: Қамқор» жалпыұлттық жобасы аясында және «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді аялайық» жобасы негізінде Қаратөбе ауданына қарасты Аққозы ауылдық округінің еріктілер зейнет жасындағы ауылдастары Гүлбану Жарылғас апайға баспана сыйлады.

 000

Көп уақыттан бері жеке баспанаға мұқтаж қарт ана Гулбану Жарылғас қуанышқа толы сәтте қайырымдылық танытқан ауылдас іні-немерелеріне алғысын жаудырды.

Қайырымдылық – бұл көмекті қажет ететін жандарға ізгілікпен жасалатын нақты көмек. Қамқорлық әр адамның асыл қасиеттерінің бірі. Бұл адамның айналадағы адамдарға деген ықыласына бөлейтін сыйластығы мен адамгершілік қарым-қатынасын білдіреді.

Қарт анаға қайырымдылық жасау туралы ауылдастарына үндеу тастап бастама көтерген аудандық мәслихат депутаты, Аққозы мектеп-бөбекжай балабақша кешенінің директоры Айгүл Айтқалиева болатын.

Аккозы кайырымдылык (1)

– Баспанаға зәру ауылдас апамызға көмектесу туралы үндеуімді қабыл алып, бір күннің ішінде баспана сатып алуға қажетті қаржыны жұмыла жинап, қарияға қуаныш сыйлаған ауыл азаматтарына ризашылығым шексіз. Мұқтаж жанға көмектесуге асығып тұратын аққозылықтар ұйымшылдықтарымен, ауызбіршіліктерімен, кішіпейілдіктерімен кейінгі ұрпаққа үлгілі іс атқарды. Қарт ананың алғысын алып, сауапты іс жасаған ауылдас азаматтарды мақтан етемін, - дейді Айгүл Мәлікқызы.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале