19.10.2022, 9:05
Оқылды: 48

Қарттарымыз – қазынамыз

Қарияларын қадір тұтқан Шыңғырлау жерінде кеше аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың қатысуымен аудандық ардагерлер кеңесі өтті.

312147280_140020478774945_7931409245669592134_n

Үлкендердің басын қосып, ардагерлердің атқарған жұмыстары туралы кеңінен баяндалған, пікірлер мен ұсыныстар тыңдалған бұл жиынға ауыл тұрғындары, әйелдер қауымы мен жастар, қоғамдық ұйымдар және мекеме-ұжым қызметкерлері, мамандар белсене қатысты.

311706440_140020475441612_1997001483860137390_n

Жиынға Батыс Қазақстан облысы ардагерлер ұйымының төрағасы М.Берген және Теректі, Бөрлі ауданының ардагерлер кеңесінің төрағалары арнайы келді. Шырайлы Шыңғырлаудың жерін, табиғатын тамашалап, аудандық орталық саябақ, тарихи-өлкетану музейі және өткен жылы пайдалануға берілген дене шынықтыру сауықтыру кешенінің жұмыстарымен танысты.

311492183_140020465441613_5679563497021504505_n

Шағын экскурсиядан соң шара «Дән» мәдениет үйінде еңбек ардагерлері, аудандық ардагерлер бастауыш партияларының төрағаларының кездесуімен жалғасты.

311864367_140020482108278_2311827170496650986_n

Жиында «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы С.Сәмиев аудан аумағында атқарылған жұмыстарын баяндап, ортаға салды. Ал, БҚО  облыстық филиалының төрағасы М.Берген облыстық деңгейде жүзеге асқан шаралар мен алдағы жоспарларымен бөлісіп, жиналғандарды хабардар етті. Салтанатты шара қорытындыланып, ақсақалдар мен ақжаулықты әжелер аудан әкімі атынан және облыстық, аудандық қоғамдық бірлестік төрағалары атынан марапатталды. Келген қонақтарға аудан әкімі атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Айсұлу Мұса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале