9.04.2025, 9:00
Оқылды: 158

«Қарызсыз қоғам» болуға ұмтылайық!

Жаңақала ауданындағы Рухани орталықта «Аманат» партиясының бастамасымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында жиын өткізілді.

8ca7c915-9dca-434c-9ef8-8a2607a24fca

Жобаның басты мақсаты – тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттырып, кіріс пен шығыс көздерін дұрыс есептеуге кеңестер беру. Жиын барысында қаржы сарапшысы Динара Сағынғалиқызы мақсатсыз қарызға белшесінен батқан тұлғалар мен өз мүддесін қорғай алмай, қаржылық жағдайынан намыстанып жүрген жандар туралы баяндалып, қандай көмек көздері қарастырылғандарын жеткізді.

627058ed-2310-46ac-8517-f833393eea40

Тұрғындар көкейіндегі сұрақтарына жауап алып, жеке қабылдауда болды. Сондай-ақ, алдағы уақытта онлайн және офлайн түрде өтетін сабақтар несие жөнінде және қаржылық сауаттылықты түсіндіру негізінде өтетін болады. Осындай қиын жағдайда жүрген жандарға қол ұшын созып, керек мәліметтерді алу үшін тегін көмек көрсетіп, тығырықтан шығар жолды көрсетеді.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале