13.02.2024, 23:00
Оқылды: 64

«Қарызсыз қоғам» жобасы қаржыны тиімді жұмсауды көздейді

Былтыр «Halyk Bank» АҚ мен «AMANAT» партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» жобасы жүзеге асқан болатын. 

IMG-20240213-WA0096

Еске сала кетсек, өткен жылы пилоттық жоба өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды. 2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында "Қарызсыз қоғам" жобасын ерекше атап өтіп, оның игілігін барша халық көруі керек деген еді.

IMG-20240213-WA0098

Осыған байланысты, ақпан айынан аталмыш жоба аясында Ақжайық ауданында іске аса бастады. Бударин ауылдық округінде өткен оқыту курстарына 30 ауыл тұрғыны қатынасса, қазіргі уақытта бұндай курстар Алғабас ауылдық округінде жалғасын табуда. Алдағы уақытта Жаңабұлақ ауылдық округінде оқытулар жалғасын табатын болады.

IMG-20240213-WA0095

«Қарызсыз қоғам» жобасы қаржыны тиімді жұмсауды, өзінің мүмкіндігін саралауды көздейді. Ауыл тұрғындарына қаржыны тиімді жұмсауды, банктен несие рәсімдегенде келісімшартпен мұқият танысуды түсіндірудеміз. Жоба әсіресе қарапайым адамдар үшін өте қажетті деп есептеймін» - дейді «Қарызсыз қоғам» жобасының сарапшысы Динара Сүйінішқалиева.

IMG-20240213-WA0100

IMG-20240213-WA0099

«AMANAT» партиясының 

Ақжайық аудандық филиалы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале