10.03.2023, 11:30
Оқылды: 11

Кәсіби мерекемен құттықтады

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев аудандық жер қатынастары, тіркеу және жер кадастры бөлімдерінің мамандарын қабылдап, оларды 2017 жылдан бері тойланып келе жатқан, наурыздың екінші сенбісінде аталып өтілетін «Жерге орналастыру, геодезия және картография» күні кәсіби мерекесімен құттықтады.

IMG_7522

- Нұрболат Зұлыпқарұлы бастаған ұжымды бүгінгі кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Атқарып жатқан жұмыстарың күрделі. Жер мәселесінің айналасында дау көп болады. Дегенмен ауданда жерге қатысты үлкен мәселе жоқ. Барлық жұмыс орнымен, заңды түрде атқарып келе жатырсыздар. Сіздерге өзімнің және әріптестерімнің атынан алғыс айтамын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Биіктен көріне беріңіздер, - деді аудан басшысы.

IMG_7530

Сонымен қатар Азамат Сафималиұлы аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы Айсұлу Халеловаға, аталмыш бөлімнің бас маманы Айнұр Ықсановаға, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Әл-Фараби Қадыровқа және жетекші маман Нұрлы Асанғалиеваға өз атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Өз кезегінде аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев қолдарынан келгенше бар күш-жігерлерін салып жұмысты адал атқаратындықтарын айтып, аудан әкіміне алғысын білдірді.

         Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

        

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале