5.07.2022, 17:00
Оқылды: 52

«Қасиетті домбыра»

Бәйтерек ауданы орталығында Ұлттық Домбыра күніне орай дәл осындай атаумен мерекелік шара өтті.

CCE3B5C1-7E7E-4DAC-9893-E95AC53F8D04

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дегендей, қазақ жайлы сөз қозғалса ойымызға бірінші болып оралатын осы қоңыр үнді қара домбырамыз. Сан ғасырлық мұң мен қуанышты күндердің естелігі де домбырада. Дегенмен тарих талқысына түсіп патшаның қарауында, кеңестің боданында болған шақта ұлттық мұрамыз ұмыт болып, қазақ баласы құлағында ойнай алмайтын халге жетті.

Ал бүгін еліміз тәуелсіз. Енді бабалар ізі, көненің көзі болған төл өнерімізді дамытуымыз қажет. Осыған орай, 2018 жылдан бастап шілде айының алғашқы жексенбісі «Домбыра күні» болып бекітілді.

EEFE2760-687A-4200-9E50-5312D776F31C

Аталмыш мереке ауданда жыл сайын жоғары деңгейде тойланып келеді. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тауып, Переметный ауылдық округінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Переметныйдағы «Домбыра» алаңында ауыл тұрғындары мен құрметті қонақтарға аудан өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, Ұлттық Домбыра күнін ұлықтады.

Шараның шымылдығын ашқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Одан соң аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Николай Анцифрович сөз тізгіндеп, жерлестерін мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

D755D2C8-3BF7-4D48-942E-33F944A60276

Артынша, жиналғандар халықтық «Шежіре» фольклорлық ансамблінің орындауындағы «Ғасырлар сазы» күйін тыңдап, Кенесары Болғанбаев, Полина Ищенко, Ақкенже Қонысбайқызы, Тоғжан Асетва мен Айнур Утеулиева, Альфия Ислямова, Мейірбек Жанболат, Артур Сисенов сынды өнерпаздардың өнерін тамашалады.

A0A4C4ED-B6CB-4A17-8747-D8C4E735E53F

Назерке Альбертқызы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале