Конституцияның негізі - азаматтың құқығы
24 Мамыр 2022

Конституцияның негізі - азаматтың құқығы

Референдум еліміздің болашағын айқындайды
24 Мамыр 2022

Референдум еліміздің болашағын айқындайды

Министр мектеп асханаларына қатысты төрт проблеманы атады
24 Мамыр 2022

Министр мектеп асханаларына қатысты төрт проблеманы атады

Қазақстанда карантин кезінде бала туу көрсеткіші жоғарылады
24 Мамыр 2022

Қазақстанда карантин кезінде бала туу көрсеткіші жоғарылады

Қазақстанда отасқанына 20 жылдан асқан 6 мыңнан аса жұп ажырасқан
24 Мамыр 2022

Қазақстанда отасқанына 20 жылдан асқан 6 мыңнан аса жұп ажырасқан

Ревакцинациядан өтуі тиіс адамдар санаты кеңейтілді –қаулы
24 Мамыр 2022

Ревакцинациядан өтуі тиіс адамдар санаты кеңейтілді –қаулы

Кәсіпкер қолдауы

Бүгінде төккен тер мен үздіксіз дайындықтың арқасында Бәйтерек ауданы шаңғышыларының аты баршаға мәлім болды. Аудан мен өңірді, сондай-ақ республика жұртшылығын шеберліктерімен тәнті етуде.

25

Жас спортшылардың жігері жығылмай, одан әрі шыңдала түсуі үшін қолдау ауадай қажет. Бұны ұққан, қолы ашық, көңілі кең бәйтеректік бұқара бастамаға білек сыбанып кірісіп кеткен. Соның ішінде алғашқылардың бірі болып жағдай жасаған «Киргенов» шаруа қожалығының мырзалығына спортшылар разы.

Сан жарыстың алдын орап үздік атанып жүрген жас спортшыларды қолдап, қатарын толықтыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының шаңғы жарысы федерациясының президенті Ерікқали Бисақаевтың бастамасымен кәсіпкерлерге арнайы хат жолданған болатын. Оған қолында барымен бөлісуге дайын тұратын атымтай жомарт азаматтар бірден жауап қатып, қолдан келген көмектерін көрсетті.

Болар баланың бетінен қақпа, белін бу дегенді ұстанатын «Киргенов» шаруа қожалығының басшысы Қайыржан Есенгелдіұлы федерация ұсынысын бірден қабыл алып, жас шаңғышыларға кәсіби шаңғы тарту етті.

Ел ағаларының игі ісіне аталмыш сала қызметкерлері, спортшылармен бірге ата- аналарыда қуанышты. Балаларының емін-еркін өздері қалаған спорт түрімен айналысып, биік белестерді бағындыруларына жағдай жасаған жомарт жандарға алғыстарын білдіруде.

-Бұл жергілікті кәсіпкерлердің алғаш жасаған жомарттығы емес. Үнемі қолдау көрсетіп, барынша демеп жүреді. Осы орайда, Ерікқали Ғұмарұлының да еңбегі зор екенін айтқым келеді. Жүрген жерде, шаңғы спортның қыр-сырын өзгелерге түсіндіріп, аудан спортшыларының жетістіктерін сөз етіп жүреді. Осындай азаматтарымыз бар кезде бұл спорттың әрі қарай дами түсетініне сенеміз, -дейді жас шаңғышылар.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале