23.12.2020, 16:17
Оқылды: 77

Кәсіпкерлер партия саясатын қолдайды

Алдағы жыл елімізде үлкен саяси науқанмен басталғалы тұр, яғни Мәжіліс және әр түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтпек.

IMG_8093 (1)

Жуырда «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Байтенова, А.Камзаева және С.Қазиев орталықта орналасқан «Барыс», «Ақ жол» сауда үйлеріндегі кәсіпкерлермен және «Аружан» кондитерлік цехындағы жұмысшылармен кездесті.

Сайлаушылар алдында сөз алған кандидаттар аудандағы кәсіпкерліктің даму жайы, мемлекет тарапыпан көрсетіліп отырған қолдаулар, аз қамтылған отбасы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып жатқан көмектер туралы әңгіме өрбітіп, кәсіпкерлердің бүгінгі тыныс-тіршіліктеріне қанықты.

IMG_8082

Отбасы бюджетін толықтырып, күнделікті нәпақаларын адал еңбекпен табуға тырысып жүрген жандардың жұмыс орындарына, бүгінгі күнге деген өкпе-назы жоқ. Олар ел-жұрт індеттен аман-сау құтылып, ауыл-аймақ арасындағы қатынас үзілмей, ұрпағымыз алаңсыз білім алатын күн алыс емес деген үкілі үміт аясында тірлік етіп жатқандықтарын жеткізді.

                                                                                                   Г.Ботанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале