16.04.2026, 21:00
Оқылды: 14

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ

Аудан басшысы Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша жиын өтті.

IMG_4551
Аталмыш жиынға орынбасары Азамат Мұхамбетжанов және тиісті сала басшылары, аудан кәсіпкерлері мен қожалық жетекшілері қатысты.
-Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бағытындағы жиын ауданымызда көптен бері өткізілмеген. Сондықтан бүгінгі өздеріңізбен басқосудың маңызы ерекше деп есептеймін. Бүгінгі жиынымыз барысында ауданымыздағы кәсіпкерлік саласының соңғы үш жылдағы атқарылған жұмыстары мен жоспары, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру сонымен қатар қажетті жобалар туралы баяндалады. Жиын еркін форматта өткізілетін болады. Сондықтан баршаңызды белсенділік танытып, ұсыныс- пікірлеріңізді білдіріп отыруларыңызды сұраймын, - деді аудан басшы.

IMG_4550
Жиын барысында кәсіпкерлік бөлім басшысы Нүркен Топасов өз саласы бойынша атқарылған және болашаққа деген жоспарымен бөліссе, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал төрағасы Бибігүл Жұмағұлова кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шаралары туралы хабарлаған еді.
Ал «Ауыл аманаты» жобасының орындалу барысы және ағымдағы жылға жоспары туралы аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайроллин өз баяндамасында жеткізді.
Жиын баяндамалармен шектелмей, кәсіпкерлікті алға тарту мақсатында шаралар мен кәсіп бағыттары талқыға салынды, қатысушылардың ұсынысы тыңдалды.
Өз кезегінде аудан басшысы кәсіпкерлікті дамытуға арналған әр қадамды қолдауға дайын екенін жеткізді.

Темхар Рахметолла
Суретке түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале